Дубайда жолаушыларды ұшқышсыз басқарылатын әуе көліктері тасымалдайды

09:42, 15 ақпан 2017

Дубайда маусым айынан бастап жолаушыларды тасымалдауға арналған ұшқышсыз басқарылатын аппарат жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы қалалық жол-көлік Агенттігінің басшысы Матт аль-Тайер хабарлады.

Жолаушыларды тасымалдау үшін Қытайда жасалынған eHang 185 ұшу аппараты таңдап алынған. Ол бірнеше мәрте сынақтан өткізілді.

Дрон жылдамдықты сағатына 160 шақырымға дейін көтере алады. 

Аппаратқа тек бір адам ғана отыра алады. Әуеде тек жарты сағат ғана ұшуға болады, өйткені ұзағырақ ұшу үшін заряд аккумуляторы жетпейді екен. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!