Дональд Трамптың инаугурациясы өтеді

16:49, 20 қаңтар 2017
310

Бүгін АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамптың инаугурациясы өтеді.

Ұлықтау рәсімі Астана уақытымен 22:00-де басталады. Қазір Вашингтонда салтанатты шараға дайындық қызу. 

Әрине, қауіпсіздік мәселесі басты назарда. Ресми рәсімге 900 мың адам қатысады деп күтілуде. 

Мәртебелі меймандардың тізімінде Американың бұрынғы президенттері Джимми Картер, Джордж Буш, Билл Клинтон және сайлау кезінде Трамптың басты қарсыласы болған Хиллари Клинтон бар. 

Белгіленген тәртіп бойынша, Дональд Трамп адал қызмет етуге ант бермес бұрын Ақ үйде Барак Обамамен кездеседі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!