Дональд Трамп Obamacare жүйесін өзгерте алмады

15:20, 25 наурыз 2017
425

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың денсаулық сақтау саласындағы бағдарламасын өзгертуге арналған заң жобасына дауыс беру кейінге шегерілді. Мұндай шешім Ақ үй басшысы мен өкілдер палатасының спикері Пол Райан келісімінен кейін жарияланды.

Дональд Трамп жаңа жобаның күшіне енуі үшін конгресстен қажетті дауыс жинай алмайтынына көзі жеткеннен кейін осындай қадамға барып отыр. Тіпті өз партияластарының да бір бөлігі қарсы. Дегенмен президент сайлауалды бағдарламасында берген уәдесін орындауға ниетті. Сөйтіп, жаңа жобаны қайта әзірлеп, денсаулық сақтау саласында реформа жүргізетінін жариялады.

«Біз жеңіске сәл ғана қалдық. Бірақ демократиялық партиядан бізді бірде-бір адам қолдаған жоқ. Сондықтан жаңа жобаны қабылдау қиынға соқты. Бірақ осы күнге дейін айтып жүргенімдей Обамакэйа өзімен-өзі құриды. Өйткені барлық штатта осы жүйенің кесірінен үлкен қиындықтар болып жатыр», – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!