Дональд Трамп алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

19:18, 12 қаңтар 2017
476

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. Ол америкалық БАҚ өкілдерімен алдағы жоспарлары жайлы бөлісіп, АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатында қандай өзгерістер болатынын айтты.

Мәселен, Америка енді өзге елдермен бәсекелес болғанша, әріптестік-ынтымақтастықты дамытуға тырысады. 

Трамп ресми Мәскеумен қырым-қатынасын жақсартпақ. Бірақ Мексика арасындағы шекарада қабырға қаланады. 

Трамп бұл мәселені өзінің алғашқы жұмыс күндерінде бастайды. Жақын арада ел азаматтарына міндетті «Обама-кея» медициналық сақтандыру бағдарламасының күші жойылады. 

Айта кетейік, Дональд Трамп 8 күннен кейін президенттік міндетіне ресми кіріседі.

Дональд Трамп, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті 

-Президенттік міндетімді атқаруға кіріскен соң Ресей мен АҚШ-тың арақатынасы жақсарады деп үміттенемін. Бірақ олай болмауы да мүмкін. «Компромат» жайында жазған Buzzfeed сайтына келетін болсам, олар мұндай мәліметтер бергені үшін әлі өкінеді деп ойлаймын. Ал Си-Эн-Эн болса, өз беделін көтеріп, трафик жинау үшін бәріне дайын тұрды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!