Ди Каприо мен Джоли Дүниежүзілік көшпенділер ойынына шақыру алды

15:22, 18 шілде 2018

Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйекте Ыстықкөлде Шолпан атада өтеді. Бұл туралы Бішкекте баспасөз мәслихатында Қырғызстанның сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев мәлім етті деп жазады Хабар 24 арнасы.

Қырғызстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының сөзінше, ойындардың ашылу салтанатына жеті мемлекет басшысы мен көптеген шет елдердің өкілдері шақырылған.

Сондай-ақ III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемдік ауқымдағы жұлдыздар, соның ішінде Анджелина Джоли, Джеки Чан және Леонардо Ди Каприо шақырылған.

Әзірге олардан жауап келмеген. Ойындарда жыл өткен сайын қатысушылар саны артып жатыр.

2014 жылы өткен алғашқы ойындарға 19 елден 583 спортшы, 2016 жылы 62 елден 1200 адам келген.

Ұйымдастырушылар үшінші ойындарға 80 елден кем дегенде 3 мыңнан астам қатысушы келеді деп жоспарлап отыр.

2018 жылы спорттық жарыс мына бағыттар бойынша өтеді: ат жарысы, қашықтыққа жүгіру, интеллектуалдық ойындар, садақпен ату, салбурын, күрестер түрлерінен және тағы басқалар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!