Дәрігерлер тырнағын кеміруді әдетке айналдырған бойжеткеннің саусағын кесіп тастады

12:22, 7 қыркүйек 2018

Кортни Уиторн есімді студент қыз тырнағын кеміруді әдеткен айналдырғандықтан, саусағынан айырылды. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

20 жастағы қыз үрейленген кезде тырнағын кеміре бастайтынын мойындады. Ол мектепте оқыған кезде оқушылар өзіне жиі тиіскен көрінеді. Алайда біраз уақыттан кейін оның саусағы қарая бастағанда, қыз қатты шошып кетіп, оны туыстары мен достарынан жасырып жүреді. Бұл 4 жыл бойы жалғасқан.

Кортни дәрігерге қаралуды ұйғарған кезде, оның акральді-лентигиозді мелаонма дертіне шалдыққаны анықталған. Хирург қыздың қарайып кеткен саусағын кесіп тастап, денесінің сау бөлігінің үлгісін бипосияға жіберген. Нәтижесінде қыз өзінің диагнозын білді.

Уиторн институтта психология факультетінің екінші курсында оқыған. Алайда ол жаза алмайтындықтан, оқуын бір жылға тоқтата тұруына тура келді. Оған бүгінге дейін 4 ота жасалған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!