Дәрігерлер адамға өлімнің тақағанын білдіретін бірнеше белгіні атады

12:55, 19 мамыр 2021

© Сурет: vseglisty.ru

Ғалымдар адамға өлімнің жақындағанын білдіретін, жарық өмірмен қоштасуға бір-екі күн қалғандағы бірнеше белгілерді атады, деп хабарлайды zakon.kz Таракан сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Ұлттық денсаулық институтының Ұлттық қартаю институтының зерттеу нәтижелері егде жастағы және жазылмайтын науқастарға арналады. Ол британдық The Daily Express басылымында жарияланды.

Ең жиі кездесетін белгілердің бірі - ентігу, кейде оны "ауа аштығы" деп те атайды, өйткені адамдар мұндайда жиі тұншығады, - делінген ғалымдардың зерттеуінде.

Сонымен қатар сарапшылар өлім жақындағанда адамда бірқатар психикалық бұзылулар болатынын анықтады. Олардың ең көп тараған түрі - күйзеліс, мазасыздықтың жоғарылауы және жадының шаршаңқылығы. Адам барған сайын шаршап, ұйқы баса береді. Мұны кейде "жер тартып жүр" деп те айтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!