Дәрігер қатерлі ісік тудыратын косметикалық процедуралардың атын атады

Сұлулық салонына жиі баруды әдетке айналдырғандар үшін қауіп бар, деп хабарлайды zakon.kz Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Онколог, химиотерапевт Андрей Базылев бет пен денеге жасалатын бьюти процедуралардың зияны бар екенін айтты.
Ол танымал сусабындар, ваннаға арналған иісті құралдар және көптеген косметикалық препараттар құрамында болатын канцероген - диоксандты рактың қоздырғыштарының бірі ретінде атады.Тағы бір келесі ықтимал қауіпті процедура - шашты бояту. Бұл арада мәселе бояудың құрамында. Оның құрамында 5 мыңнан астам түрлі химиялық заттар болуы мүмкін.
Шашты жиі тегістету де қатерлі ісікке әкеліп соғуы мүмкін. Онда да бұл тұтынушыдан гөрі шаш шеберіне қауіпті. Бұл процедураға арналған препарат формальдегидтен тұрады, сондықтан шашты айына сегіз реттен артық түзету ұсынылмайды.
Ультрафиолет тырнақ шамын жиі қолдану терінің қатерлі ісігін жоғарылатады. Онкологтың айтуынша, бұл ретте оған қарағанда ботокс инъекциясы әлдеқайда қауіпсіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:33, 25 ақпан 2021
Лукашенко Қазақстанның тәжірибесіне сүйенгісі келеді
-
10:39, 25 ақпан 2021
Путин Қырғызстанда орыс тілін нығайту жоспары барын айтты
-
13:59, 24 ақпан 2021
Пандемия 2022 жылдың басында аяқталуы мүмкін - ДДСҰ
-
09:18, 24 ақпан 2021
Өзбек президентінің таудағы құпия шипажайы табылды
-
15:01, 23 ақпан 2021
Спутник V вакцинасын Қырғызстан тіркеді
Пікір