Дәрігер инсульттен хабар беретін төрт белгіні атады

16:37, 22 қыркүйек 2021

© Сурет: Pixabay

Холестерин мен қандағы қант мөлшерінің көптігі инсультке әкеліп соғады. Бұл туралы дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников айтты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Темекі шегу, алкогольді шамадан тыс қолдану сынды зиянды әдеттер инсультке әкеліп соқтырады, - деді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде инсульт белгілерін жіпке тізе отырып.

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, белгілі бір гормоналды препараттарды қабылдау да инсультке ұшыратуы мүмкін.

Инсульттің алдын алу үшін ұйқы күретамырын ультрадыбысты құрылғымен зерттеу қажет. яғни тамыр жолында түйіннің бар-жоғын анықтау үшін. Тамырдың тарылу деңгейіне қарай ары қарай не істеу керектігін көре жатамыз, - дейді Александр Мясников.

Сонымен қатар, ол инсульттің алдын алу үшін басты МРТ-ға түсіруге болмайтынын айтты. Себебі бұл процедура инсультке шалдығып қойғаннан кейінгі диагностикада пайдаланылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!