Депутаттар Жээнбековтың отставкасын қабыл алып, Бішкектегі ТЖ режимінің күшін жойды

11:46, 16 қазан 2020

Жогорку Кенеш Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтің отставкаға кетуі туралы арызын есепке алды, деп хабарлайды zakon.kz.

16 қазанда "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында өткен Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында депутаттар Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтің отставкаға кетуі туралы арызын есепке алды, деп хабарлады Қырғыз парламентінің баспасөз қызметі.

Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде Жээнбеков 6 қазаннан бастап Қырғыз елі үшін жаңа есеп басталғанын атап өтті.

- Бұл күндері "ел үшін осындай қиын-қыстау уақытта мемлекет басшысының отставкаға кетуге құқығы жоқ, бұл - жауапсыздық" деген адамдардың сөздеріне құлақ асып, жұмысқа бар күшімді салдым. Бірақ мен үшін бәрінен бұрын еліміздің тұтастығы, халқымыздың бірлігі, қоғамымыздағы келісім әлдеқайда маңыздырақ. Мен үшін ең қымбат нәрсе - әр азаматтың денсаулығы, әр жерлесімнің өмірі. Еліміздегі бейбітшілікті сақтау және қоғамның екіге жарылып кетуіне жол бермеу үшін президенттіктен кетуге шешім қабылдадым, - деді Жээнбеков.

Осы мәлімдемеден соң ол жиналыс залынан шығып кетті. Оның орнына Садыр Жапаров президент болды.

Сондай-ақ, Жогорку Кенештің баспасөз қызметі кезектен тыс отырыста депутаттар Бішкекте төтенше жағдай енгізу туралы Қырғыз Республикасы Президентінің жарлығының күшін жойғанын хабарлады.

Еске сала кетелік, Қырғыз Республикасы Президентінің жарлығы негізінде Бішкекте 2020 жылдың 12-сі мен 19 қазан аралығында төтенше жағдай енгізілген еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!