Дені сау емес. Чехия 77 жастағы президентін тақтан түсірмек

14:53, 19 қазан 2021

© Сурет: facebook/prezidentcr

Чехияның Сенат төрағасы М.Выстрчил ел президенті Милош Земанның денсаулығының сыр беруіне байланысты міндетін атқара алмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі РБК-ге сілтеме жасап.

19 қазанда Сенаттың конституциялық кеңесі жиналып, ел Конституциясының 66-бабына сай, президент өкілеттілігін тоқтату жөнінде кеңеспек.

"Егер менің оқығандарымды есепке алсақ, менің басқа амалым қалмады. Біз Конституцияның 66-бабының қалай, қай кезде орындалатынын ақылдасуымыз керек", - деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын президент ем қабылдап жатқан орталық әскери госпитальден хат келген. Онда Чехия президентінің денсаулығының нашарлауына байланысты еңбек ете алмайтыны жазылған.

"Дәрігерлер Милош Земан жұмыс істей алмайтынын айтып жатыр. Емделушіні бақылау барысында оның дерті алдағы күндері қалай өзгеретінін ешкім айта алмайды. Дегенмен еңбек етуге денсаулығы әзірге қауқарсыз", деп жазылған хатта.

Сонымен қатар, сенатор президент өкілеттігін уақытша басқа адамға өткізу мәселесі қаралатынын айтты.

"Конституцияның 66-бабына сай, президенттің өкілеттігін басқа шенді қызметкерге ауыстыратын уақыт келді. Сенат бұл мәселені қарашада өтетін палата өкілдерінің жиналысына дейін шешуі керек", – деді сенатор Вацлав Ласка Respect басылымына берген сұқбатында.

Дайана Тоқберген


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!