ДДҰ: 2021 жылдың наурызына қарай эпидемияға қатысты қазіргі жағдай түбегейлі өзгереді

09:36, 10 қараша 2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус пандемиясымен күресте бетбұрыс кезеңге аяқ басқанымызды жариялады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы ДДҰ вакциналарға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың (ACT) басшысы, ұйымның бас директорының кеңесшісі Брюс Эйлвард мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2021 жылдың наурызына қарай эпидемияға қатысты қазіргі жағдайды түбегейлі өзгертетін жағдай туындауы мүмкін.

Ол осы уақытқа дейін жеке қорғаныс құралдары мен жасанды тыныс алу аппараттарының жеткілікті мөлшері қолжетімді болып қана қоймай, вакцинациялау ісі де аяқталатынын атап өтті.

Эйлвард, сонымен қатар, көктемге дейін вирустан тексерілуге қаражат табылып қалады деп үміттенеді. Оның айтуынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында ДДҰ коронавирусқа қарсы вакциналарды тарату бағдарламаларын жүзеге асыруды бастауға ниетті.

Қазір әлемде коронавирус инфекциясының 50,2 миллионнан астам жағдайы анықталды. Тек соңғы бір күнде жаңа инфекциялардың саны 677 мыңнан асты, бұл COVID-19 ауруының жаңа тәуліктік максимумына айналды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!