ДДСҰ Олимпиада алдында спортшыларды міндетті вакцинациялауға қатысты пікір білдірді

12:46, 27 қаңтар 2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі сарапшысы олимпиадалық спортшыларға Токио ойындары алдында коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға басымдық беріледі дегенге күдікпен қарайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Деловая Қазахстан басылымына сілтеме жасап.

ДДҰ төтенше жағдайлар бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында "спортшыларға басымдық беріліп, алдымен оларға екпе салдыртылуы керек пе" деген сұраққа жауап берді.

Райан вакциналар жеткіліксіз, тіпті қауіптілігі жоғары топтар үшін де жеткіліксіз екенін айтты. Оның айтуынша, коронавирусқа байланысты дағдарыс жағдайында бірінші кезекте вакцинаны алдыңғы шептегі - медициналық қызметкерлер, егде жастағы адамдар, сондай-ақ халықтың осал тобы алуы керек.

Сонымен бірге, Райан Олимпиадаға арналған тәуекелдерді басқару шаралары туралы, сондай-ақ ойындарды өткізу туралы соңғы шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті мен Жапония билігі қабылдайтынын айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!