ДДСҰ: Әлемде 325 миллион адам сары ауруға шалдыққан

15:06, 22 сәуір 2017
917

Жер шарында сары ауру вирусын таратушы 325 миллион адам бар және олардың кейбіреуі өзінің науқас екенін білмейді.

Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қазір гепатит вирусы өткір мәселенің біріне айналған. Себебі бұл індетке қарсы вакцина мен дәрі-дәрмектің барлығына қарамастан, көп адамның оны анықтап, емделуге мүмкіндігі жоқ. Оның үстіне осы дерттен көз жұмғандар саны жүре пайда болған иммундық дефицит пен құрт ауруына қарағанда өсіп келе жатқанын айтады. 2015 жылы 1 миллион үш жүз мыңнан астам адам осы кеселдің құрбаны болған. Ал науқастардың көбі гепатиттің Б және С түрінен көз жұмады. Сондықтан ұйым 2030 жылға қарай аурудың осы екі түрін анықтап, емдеу көрсеткішін 80-90 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!