Давос форумында Еуропа аумағына босқындарды қабылдауды шектеу мәселесі қаралды

21:23, 20 қаңтар 2017

Бүгін Давоста өтіп жатқан Бүкіләлемдік экономикалық форумның соңғы күні. Күн тәртібіне шығарылған тақырыптар сан түрлі.

Ғылым, жаһандық экономика мен жаһандық дағдарыс жайы, санкциялар мен халықаралық қауіпсіздік мәселелері басты назарда. 

Қауіпсіздік демекші. Жиында сөз алған Франция премьері Мануэль Вальс Еуропа аумағына босқындарды қабылдауды шектеу керек деген ойын білдірді. Айтуынша, Сирия мен Ирактан босқан жұрт Кәрі Құрлықтың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. 

БҰҰ Бас хатшысы бұл бастамамен келіспейтіндігін аңғартты. 

Антониу Гутерриш: «Халықаралық қауіпсіздік мәселесін шешуге жаһан жұрты түгелдей жұмылуы керек», – деген пайымда.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!