Даңққұмар футболшы Златан Ибрагимович өзіне ескерткіш орнатты

10:14, 9 қазан 2019
1193

Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович өзінің туған қаласы Мальмеде өзіне арналған ескерткішті ашты. 38 жастағы спортшы өзінің қоладан жасалған биіктігі 2,7 метрлік статуясын футболдағы карьерасын бастаған жерге орнатты.

–Нью-Йоркте Азаттық мүсіні бар, Мальмеде – Златан мүсіні тұр, – деді Ибрагимовичтің өзі монументтің ашылуында.

Футбошы атап өткендей, бұл оқиғаны ол өзіне деген зор құрмет деп бағалайды. Ол өзінің тағдыры оңай болмағанын, өмірдегі бар жетістігіне тынбайтын еңбекқорлығы пен өзіне деген сенімділігі жеткізгенін атап өтті.

Шыны керек, Ибрагимович қазір 38 жаста болса да, аса жоғары деңгейдегі шабуылшы екенін көрсетіп жүр. Осы маусымда MLS-тегі 29 ойынында швед аңызы 30 гол соғып, лиганың екінші мергені атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

We are Zweden!!!

Публикация от Zlatan Ibrahimović (@iamzlatanibrahimovic) 8 Окт 2019 в 9:17 PDT


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!