Даниэль Мальдини шықты. Оның әкесі мен атасы «Миланда» 995 матч өткізген

10:59, 3 ақпан 2020

Даниэль Мальдини әкесі Паоло мен атасы Чезаренің жолын қуыпты, деп жазады eurosport.

"Милан" кеше Италия чемпионатының 22-ші турында "Веронамен" 1:1 есебімен тең ойнады.

Екінші таймның қосымша уақытында алаңға "россонеридің" 18 жастағы шабуылшысы Даниэль Мальдини шықты. Аңызға айналған Паоло Мальдинидің ұлы үшін бұл А сериясындағы дебюттік матч болды.

Паоло Мальдини мен оның әкесі Чезаре Мальдини екеуі "Милан" сапында жалпы саны 995 матч өткізген (Паоло – 647, Чезаре – 347). Екеуі де капитан болған, скудеттоны да алған, Чемпиондар лигасының кубогын та төбесіне көтерген.

Ал Даниэль Мальдини Милан сапында А сериясында ойнаған 2000-шы жылы туған тұңғыш футболшы болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!