Covid-2019: Енді «дельта-лайт» дегені шығыпты

13:49, 24 қазан 2021
666

© Сурет: pixabay.com

Беларусьте коронавирус инфекциясының "дельта-лайт" деген жаңа штаммы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Беларусь денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас санитарлық дәрігер Александр Тарасенко мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Негізінде "дельта-штамм" деп аталатыны қазір айналымда жүр, бірақ қыркүйектен бастап біз "дельта-лайт" сияқты штаммның белең алғанын байқадық. Әзірге, біз кереметтей айырмашылықты байқаған жоқпыз, бұл - саусақпен санарлық жағдайлар, – деді Александр Тарасенко.

Министрдің орынбасары "дельта штаммының" өте жұқпалы екенін, яғни вирустың адамнан адамға тез өтетінін атап өтті.

Бұрын біз науқастың жанында 15 минут немесе одан да көп уақыт болғанда ауру жұқтыру қаупі жоғары деп айтатынбыз, ал қазір 15 минут деген қалды, науқастың жанында бір-екі минут болу да жеткілікті, - деді Тарасенко.

Оның үстіне ауруға шалдыққан жастар қатары көбейіп келеді: 30-39 жас, 40-49 жас.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!