Чилиде 6,7 магнитудалық жер сілкінісі орын алып, салдарынан екі адам ажал құшты

16:24, 21 қаңтар 2019

Тағы жүз мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалған. Бұл туралы zakon.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер асты дүмпуі таңғы 10:32 шамасында, Кокимбо қаласының оңтүстік-батысына қарай 16 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінуінің соңы таулы елді мекендерде көшкінге ұласқан. Ал билік өкілдері цунами орын алуы мүмкін деген қауіппен жағалаудағы отбасыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Ал қаза тапқан екі тұрғын – егде жастағы азаматтар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!