Чемпиондар лигасының 2021 жылғы финалы Санкт-Петербургте өтетін болды

08:44, 25 қыркүйек 2019
449

УЕФА Чемпиондар лигасының 2020/21 жылғы маусымының финалдық ойыны өтетін қала ретінде Санкт-Петербургты таңдағанын ресми түрде жариялады.

Еуропа клубтық футболының шешуші матчы 65 мың көрермен сыйғызатын "Крестовский" стадионында өтеді. Бұл туралы 24 қыркүйекте Словенияның Любляна қаласында өткен УЕФА-ның атқарушы комитетінің отырысынан кейін белгілі болды.

Санкт-Петербургтегтің жалғыз бәсекелесі немістің Мюнхен болған.

Sky Sport Austria басылымының хабарлауынша, Чемпиондар лигасының 2021/22 жылғы финалы "Альянс Аренада"» өтеді. Ал 2022/23 маусымының финалы Лондондағы 90 мыңдық "Уэмблиде" өтеді.

Ресей бұған дейін де Еуропа кубоктарының финалдарын өткізген болатын. 1999 жылы "Лужники стадионында" УЕФА Кубогын "Марсель" мен "Парма" сарапқа салды, 2008 жылы "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" Чемпиондар лигасының финалын өткізді.

Чемпиондар лигасының 2019/20 финалын Түркияның Стамбул қаласы қабылдайды.


Источник: zakon.kz


Пікір