БҰҰ 8 және 9 мамырды ІІ-дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу күні деп жариялады

10:19, 6 қараша 2020

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ресейдің бастамасымен 8 және 9 мамырды ІІ-дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алудың бүкіләлемдік күні деп жариялады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы бейсенбіде, 5 қарашада қабылданған ұйымның қаулысында айтылған.

Дауыс берусіз консенсуспен мақұлданған құжат "ұйымға мүше барлық мемлекеттерді, БҰҰ ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке адамдарды осы күндерді Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық құрбандарына құрмет ретінде лайықты түрде атап өтуге" шақырады. Резолюция, сонымен қатар Бас Ассамблеяның Президентін 2020 жылы 1 желтоқсанда барлық құрбан болғандарды еске алуға арналған Бас Ассамблеяның арнайы салтанатты жиналысын өткізуге шақырады.

Сонымен қатар, жаңа қаулы мәтінінде БҰҰ Бас хатшысы осы қарарды БҰҰ жүйесінің барлық мүше мемлекеттері мен ұйымдарының назарына жеткізуге және оны жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдау қажеттігі көрсетілген.

- Бұрын-соңды болып көрмеген бұл соғыс бүкіл әлем халықтары үшін орасан зор трагедияға айналды, өркениеттің негізгі қағидаларына қауіп үлкен бірлескен күштер мен ауыр шығындар есебінен жойылды, - деді қарарды талқылау кезінде Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин.

Ол соңғы жылдары Бас ассамблея мамыр айында соғысты еске алуға арналған салтанатты жиындар өткізгенін еске түсірді, бірақ биыл коронавирус пандемиясы бұған жол бермеді.

- Осыған байланысты Ресей мұндай кездесуді желтоқсан айында шақыруды ұсынды,- деді дипломат.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!