БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы тұрақты өкілдері қазақстандық бастамаларды жоғары бағалады

22:31, 12 ақпан 2017
520

БҰҰ-ның Таяу Шығыс елдеріндегі тұрақты өкілдері Қазақ елінің бастамаларын жоғары бағалады.

Сарапшылардың айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне арналған саяси үндеуі бейбіт әрі өркениетті әлем құруға шақырады. АҚШ-тағы дипломатиялық миссия басшылары Елбасының Астана кодексін әзірлеу туралы идеясын ерекше атап өтті.

«Сондай-ақ БҰҰ-на мүше елдердің әскери бюджетінің 1 пайызын тұрақты дамуға бөлу арқылы дамушы мемлекеттерді қолдауға мүмкіндік туады», – дейді сарапшылар. 

«Ирак – терроризммен бетпе-бет келген елдердің бірі. Сондықтан біз Біріккен ұлттар ұйымымен лаңкестіктің алдын алуға қатысты ұдайы жұмыс істеп келеміз. Бұл бір ғана елдің емес, халықаралық қоғамның мәселесіне айналып отыр. Бұл мәселені үнемі ірі ұйымдардың талқысына салып келеміз. Қазақстанды Қауіпсіздік кеңесінің қатарынан көргенімізге қуаныштымыз», – деп атап өтті Ирактың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Мохамед Али Альхаким.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!