БҰҰ-ның ҚК Солтүстік Кореяның әрекетіне қатысты шұғыл отырыс өткізеді

19:27, 4 қыркүйек 2017

Халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған тағы бір түйткіл бар.

Ол – Ресми Пхеньянның әрекеті. Солтүстік Корея күні кеше сутегі бомбасын сынаған еді. Осы мәселеге байланысты бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізеді. Жапония мен Оңтүстік Корея сол жиында Пхеньянға қатысты қатаң шаралар қолдануды ұсынбақ. Бұған дейін Вашингтон мен Сеул Солтүстік Кореяның әрекетіне әскери қимылмен жауап берулері мүмкіндігін мәлімдеген.

Джейм Мэттис, АҚШ қорғаныс министрі:

-Құрама Штаттарға немесе біздің одақтастарға төнген кез келген қауіпке қатаң жауап беріледі. Халықаралық қауымдастық Солтүстік Корея тарапынан үлкен қауіп төніп тұрғанын бірауыздан қуаттап отыр. Біз бұл елді жойып жіберуді мақсат етіп отырған жоқпыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!