БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі КХДР ядролық сынағы бойынша арнайы мәжіліс өткізеді

09:10, 4 қыркүйек 2017

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі 4 қыркүйекте КХДР-ның құрлықаралық баллистикалық зымыранға оқтұмсық ретінде пайдаланылуы мүмкін сутегі зарядына қатысты мәжіліс өткізеді. Бұл туралы ТАСС БҰҰ жанындағы АҚШ өкілдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«АҚШ өкілі Ники Хейли мен оның Жапония, Франция, Біріккен Корольдік пен Корея Республикасынан келген әріптестері Солтүстік Кореяның соңғы ядролық сынағына жауап ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің ашық, шұғыл отырысын өткізуге өтініш берген. Мәжіліс 4-қыркүйекте сағат 10.00-де өтеді», – делінген хабарламада. Халықаралық қоғамдастық КХДР-дың 3-қыркүйек күні сутегі зарядын сынақтан өткізу әрекетіне назар аударды. Вашингтон мен Сеул Пхеньянның әрекетіне әскери қимылмен жауап беруі мүмкіндігін мәлімдеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!