БҰҰ ҚК КХДР-ға қатысты санкцияларды күшейтетін қарар жобасын қабылдады

13:23, 12 қыркүйек 2017
522

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Корей Халықтық Демократиялық Республикасына қатысты санкцияларды күшейту туралы қарар қабылдады.

Кеңеске мүше елдер резолюцияны бірауыздан қолдады. Құжатқа сәйкес Солтүстік Кореядан тоқыма өнімдерін сатып алуға, елге газ конденсаттарын жеткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ мұнай өнімдері экспортына шектеу қойылды. Алғашқыда АҚШ мұнай эмбаргосын салуды және ел басшысы Ким Чен Ынға қарсы санкциялар қолдануды ұсынған еді. Дегенмен жобаға өзгертулер енгізіліп, Пхеньянға қарсы шаралар жеңілдетілді.

Никки Хэйли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: 

- Біз соғысқа қарсымыз. Солтүстік Корея жағдайды ушықтыра қойған жоқ. Егер де Пхеньян өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатын болса, бұл елдің болашағы бар. Ол үшін Ким Чен Ын бейбіт бағытты ұстанатынын дәлелдеу қажет.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!