БҰҰ: әлемде 65 млн 600 мың адам босқын атанған

10:18, 20 маусым 2017
576

Былтыр 65 миллион 600 мың адам өз елі ішінде көшуге мәжбүр болған және өзге мемлекеттерден баспана сұраған.

Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.  2015 жылмен салыстырғанда 300 мыңға артық.  Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері бойынша агенттігі осындай мәліметті жариялады. Ең көп босқын 5,5 миллиондай адам Сириядан шыққан. Осы елден кейінгі орында Ауғанстан мен Оңтүстік Судан тұр. Босқынның 55%-ы  осы үш мемлекеттің тұрғыны. Бұл ретте мигранттың 84%-ын кедей және тұрмысы орташа елдер қабылдағанын айтып кету керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері: «бұл мәліметтер халықаралық дипломатияның  күйрегенін көрсетіп отыр», – дейді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!