БҰҰ Бас хатшысы әлемді Таулы Қарабақ мәселесіне назар аудартты

12:50, 6 қазан 2020
467

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш аймақтық және халықаралық ойыншыларды Армения-Әзірбайжан жанжалы аймағындағы атысты тоқтатуға көмектесуге шақырды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы бас хатшының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді. Гутерреш халықаралық қауымдастықтың бірнеше рет әскери қимылдарды тоқтатуға шақырғанына қарамастан жалғасып жатқан Қарабақтағы қақтығысты айыптады. Бас хатшыны бейбіт тұрғындар аумағының атқылануы туралы хабарлар да қатты алаңдатады.

"Бас хатшы арадағы шиеленісті әскердің қатысуымен шешу шешімі қарастырылмайтынын қайталап айтады және тараптарды барлық әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырады", - деді Дюжаррик.

Жанжал 27 қыркүйекте өршіп кетті. Армения мен Әзірбайжан бірін-бірі оқ жаудырды деп айыптады және бір жарым аптадан бері Таулы Қарабақта ауқымды әскери операциялар жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!