БҰҰ Бас хатшысы Астана процесін қолдады

19:14, 20 қаңтар 2017
388

БҰҰ Сириядағы шиеленісті шешуге арналған Астана келіссөздеріне үлкен сенім артады.

Бұл жөнінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш айтты. Және елордадағы жиынға ұйым атынан өзінің арнайы өкілі Стаффан де Мистураны жіберетінін хабарлады. 

Астанадағы келіссөздерге қатысты Бас хатшының арнайы өкілінің орынбасары Фархан Хак арнамызға сұхбат беріп, пікірін білдірді. 

Фархан Хак, БҰҰ Бас хатшысы баспасөз хатшысының орынбасары

-БҰҰ Сириядағы жағдайға байланысты барлық келіссөздерді қолдайды. Оның ішінде Астанада өтетін басқосудың да маңызы зор. Ол жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз және БҰҰ арнайы өкілі Стаффан де Мистура басшылығымен баратын делегация оған елеулі үлес қосады деп ойлаймын. БҰҰ бастамасымен 8-ші ақпанда Женева қаласында келіссөздер өтетіні белгілі. Міне, Астанадағы кездесу оның сәтті өтуіне септігін тигізеді деген үміттеміз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!