Бұл сайлауда Трампқа дауыс ұрлау қиын болғалы тұр 

08:47, 20 қазан 2020
447

Сонымен, АҚШ-тағы президент сайлауына дәл екі апта уақыт қалды. Қазіргі таңда 28 млн әмірикандық мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерді. Мәселе мынада - АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру жүре береді, учаскелер ашық тұрады - поштамен немесе учаскеге барасың да даусыңды алдын-ала бере бересің. Неғұрлым көп дауыс берілсе, Трампқа дауыс ұрлау соғұрлым қиындай түседі, деп пайымдайды желіде сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

Бұл әмірика сайлау тарихында ең көп дауыс берген сайлау болғалы тұр. Бұрын-соңды екі апта бұрын мұншама дауыс беру болмаған екен. Мысалы 2016 жылғы сайлауда екі апта бұрын небәрі 4,1 млн дауыс беріліпті. Барлығы 120 млн дауыс берілген.

Мұның себебі неде? Жағдайдың өте қауіпті екенін, егер Трамп қайта сайланып кетсе бұл Әмірика үшін нағыз апат екендігін халық түсінді деген сөз - мұндай ұрдажық, өтірікші, моральдық, адамгершілік принцип дегендерден жұрдай адам қайта сайланбауы тиіс. Онда АҚШ демократиялық елдердің көшбасшысы деген атақтан жұрдай болып, Ресей, Қытай сияқты нағыз диктатуралық елге айналады деген сөз.

Барлық барлау органдары, ФБР, Барлау Агенттігі, ОББ (ЦРУ) Ресейдің сайлауға белсене араласып отырғанын біліп отырса да Трамп оларға өз адамдарын қою арқылы барынша кедергі жасап бағуда, өйткені Трамп та, Путин де бір-біріне керек-ақ болып тұр. Соңғы төрт жылда Трамп әкімшілігінің Ресейге бірде-бір тиянақты санкция салмағаны өз алдына, тіпті Навальный уланғанда да Еуроодақ дүр сілкініп санкция салып жатқанда, АҚШ жұмған ауыздарын ашпады және мұндай фактілер жетерлік.

2016 жылы Хиллари Клинтон сайланарда Тірі амп бір айдай бұрын Ресейдің және х/а алаяқ Ассанждың көмегімен Клинтонның эл. поштасындағы хаттарын жариялап, осы шантаж ақырында Клинтонның жеңіліп қалуына әкеліп соқтырған болатын. Осы жолы да Трамп Жулиани арқылы Байденнің ұлы Хантер Украинада ақша ұрлап коррупцияға жол берді деп шантаж жасап бастаған еді, алайда Жулианидің кім екендігін жақсы білетін әмірика қоғамы оған илана қоймады, сөйтіп Ресей-Трамп операциясы бұл жолы іске аспай қалды. Алдағы екі аптада енді не бітіретіндерін, қандай иттік ойластырып жатқандарын құдай білсін, кезінде көрерміз.

Сөз соңында, Байден кім, Трамп кім дегенге тағы бір нұсқаулық бере кетелік:

Байден: Егер президент болсам Путиннің саудасы бітеді.

Трамп: АҚШ пен РФ керемет қарым-қатынаста болса деп тілеймін.

Байден: Украина Тезірек НАТО мүшесі болуы керек.

Трамп: Украина Ресеймен достасуы керек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!