Бұл алалау болады! Ұлыбритания «вакцина төлқұжатын» енгізбейтін болды

10:31, 8 ақпан 2021
2997

Ұлыбританияның вакцинация мәселесі жөніндегі министрі Надим Захави коронавирусқа қарсы екпе алған британдықтардың шетелге шығуына мүмкіндік беру үшін "вакцинация төлөқұжатын" енгізу жоспарда қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Times осы аптада өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Ұлыбритания үкіметі "вакцинацияланғандардың төлқұжатын" енгізуді жоспарлауда және британдық шенеуніктер бұл іспен шұғылданып жатыр деп хабарлады. Газеттің туристік индустриядағы дереккөздері, егер Ұлыбританиядан келетін туристер коронавирусқа қарсы вакцина алғанына алға дәлел тарта алса, онда Греция оларды мамыр айында қабылдай бастайды.

Біріншіден, біз вакцинаның таралуына (вирустың) қалай әсер ететінін нақты білмейміз. Екіншіден, бұл алалау - кемсітушілік болар еді және менің ойымша, адамдар вакцинаны төлқұжатқа байланысты міндетті болғандықтан емес, өз қалауларымен алғаны дұрыс болар еді, - деді Захави осы негіздегі журналис қойған сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, егер кейбір елдерде вакцинация алғандығы туралы дәлел сұрап, осы форманы талап етсе, онда британдықтар емделуші дәрігерінен сондай құжатты сұрап, ала алады.

Бірақ біз Ұлыбританияда төлқұжат енгізуді жоспарлап отырған жоқпыз, - деді британдық министр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!