Бүгінен бастап бірнеше түн бойы аспаннан жұлдыз жауады

08:55, 9 тамыз 2018
1740

Дәл осы түні Жер тұрғындары аспаннан толассыз жауған жұлдыздарға куә болмақ. Метеориттер жауыны аспан ашық болса, тіптен жарқырап көрінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа Ай да, астрономдардың айтуынша, жұлдыздар жауған түннің есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді.

Алайда биыл Персеида жауыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда онша тығыз болмайды екен: 80-100 "аққан жұлдыздың" орнына небәрі 50-75 метеор жауады.

Ғалымдардың айтуынша, жұлдыздардың ағуы адамдардың өміріне немесе орбитадағы зондтарға еш әсерін тигізбейді.

Метеориттер жауыны 25 тамызға дейін белсенділігін жоғалтпайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!