Бүгін Иранда ұлттық аза тұту күні жарияланды

10:30, 24 қыркүйек 2018
312

Иран билігі Ахваз қаласында әскери парад кезінде 28 адамның өмірін қиған терактіден кейін дүйсенбіні ұлттық аза тұту күн деп жариялады деп жазады sputniknews.kz.

"Иран Ислам Республикасының билігі Хузестан ауылынан шыққан ержүрек адамдарға және қаза тапқандардың отбасылары мен жапа шеккендерге көңіл айтып, олардың жерленетін күнін (24 қыркүйек, 2018 жыл, дүйсенбі) ұлттық аза тұту күні деп жариялайды", — делінген мәлімдемеде.

Теракт сенбі күні Иранның Ахваз қаласында 1980-1988 жылдардағы Иран мен Ирак соғысына арналған парад кезінде болды. Шерудің қызған шағында террористер тобы адамдарға оқ жаудырды. Шабуыл үшін жауапкершілікті "Ахваздағы патриоттық араб демократиялық қозғалысы" алды. Соңғы мәліметтер бойынша, теракт кезінде 28 адам қаза тауып, тағы 60 адам зардап шекті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!