Bugatti 39 мың долларлық велосипед шығарды

16:17, 24 наурыз 2017

Bugatti Automobiles SAS құны 39 мың доллар тұратын велосипед сериясын шығарды. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлады.

Компания сайтының айтуы бойынша, велосипедтер аэродинамикалық дизайнымен ерекшеленеді. Ол 95 пайыз көміртегі талшықтарынан жасалған. Сондықтан салмағы 5 келі ғана және рөлінің амортизациясы ерекше жүйемен жабдықталған.

Барлығы 667 велосипед шығарылады. Фирмалық салон қызметі тұтынушыларға велосипедті өз ыңғайына қарай реттеп береді.

Bugatti басқа да люкс маркалар сияқты өнімдерінің көлемін кеңейтпек. Бұған дейін компания құны 3,25 млн еуро болатын Bugatti Niniette жоғары жылдамдықты катер жасап шығарған.

Айта кетейік, Bugatti Automobiles SAS — люкс стандарттағы спорттық автокөлік өндіретін француз компаниясы.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!