Брюссельдегі вокзалда жарылыс болды

08:00, 21 маусым 2017
460

Брюссельдегі Орталық вокзал аумағында жарылыс болды. Артынша оқиға орнына жетіп келген әскери теракт жасаған жанкештіні атып, дәл тиген.

Бірқатар БАҚ хабарлауынша, жанкешті оққа ұшпас бұрын әскерилерге қарсы оқ жаудырған.  

Қазіргі уақытта вокзал аумағындағы халық қауіпсіз жерге көшірілді.

Бельгия прокуратурасы болған оқиғаны теракт деп танып, жанкештінің әскерилер оғынан қайтыс болғанын растады.

AFP

Аударған: Г.Абилова

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!