British Airways жолаушыларды ұшаққа төлқұжатсыз мінгізеді

10:41, 25 наурыз 2017

Британдық British Airways авиакомпаниясы ұшаққа отырар алдында жолаушылардан төлқұжат талап етпейтін болады, жолаушылардың кім екенін анықтау үшін биометрикалық сәйкестендіру жүйесін пайдаланбақ.

The Daily Telegraph басылымының ақпаратына сәйкес, арнайы жабдық лондондық Хитроу әуежайының 5 терминалында үш жерде орнатылған. Келесі айда осындай құрылғы 33 жерде орнатылатын болады. Бұл жаңа құрылғы алдымен ішкі рейс жолаушылары үшін қолжетімді болады. Содан кейін халықаралық ұшырылымдарда да пайдаланылмақ. Мұндай жүйе жолаушыларды отырғызу кезінде уақытты қысқартады және қателесуге жол бермеуге мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Бұдан бұрын British Airways басқа авиакомпаниялармен бірге Ұлыбритания билігі енгізген электрондық құрылғыны (ұзындығы 16 см асады, ені мен қалыңдығы 9,3 см және тиісінше 1,5 см) Түркиядан, Ливаннан, Иордания, Мысыр, Тунис, Сауд Арабиясынан Біріккен Корольдікке ұшатын ұшақтар бортында тасымалдауға тыйымды сақтауға ниетті екені белгілі болған. Ұлыбританияға дейін мұндай шара АҚШ-та енгізілді.

inform.kz

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!