Британдық велосипедші Марк Бомонт жер шарын 79 күнде аралап шықты

13:37, 19 қыркүйек 2017
605

34 жастағы Британия тұрғыны жер шарын велосипедпен 79 күнде айналып өтті.

Осылайша Марк Бомонт әлем рекордын орнатты. Тәулігіне 18 сағат бойы жүріп отырған велосипедші 16 елді басып өтіп, жалпы 29 мың шақырым жол жүрген. Бұған дейін 2015 жылы жаңазеландиялық Эндрю Николсон әлемді велосипедпен 123 тәулікте шарлап шыққан еді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!