Brent бағасы 2018 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті

16:44, 24 қыркүйек 2021
779

© Сурет: Павел Михеев / zakon.kz

Мұнайдың әлемдік бағасы осымен төртінші күн қатарынан өсуде. Brent сұрыпты мұнай құны соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, Brent бағасы 0,13%-ға өсіп, 77,35 доллар болды. WTI фьючерстері 0,04%-ға қымбаттап, қазір бір баррелі 73,33 долларға саудаланып жатыр.

Соңғы күндері Солтүстік теңіз қоспасы 4,5%- ға, ал WTI-4,3%-ға қымбаттады.

Marex сарапшыларының пікірінше, мұндай динамикаға Жапония импорты көрсеткіштерінің өсуі түрткі болып отыр. 12-18 қыркүйек аралығында ондағы таза мұнай қоры 882,4 мың килолитрге азайған.Соған қарамастан жалпы сұраныс әлі де біркелкі.

Табиғат Нұрболат


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!