Бразилияда футболшылар мінген ұшақ құлады

09:36, 25 қаңтар 2021
1535

Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында "Пальмас" бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан 6 адам мерт болды. Бұл туралы Globo.com хабарлады, деп жазады kursiv.kz.

Апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Бейнежазбада ұшақ екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады. Ұшақ бортында "Пальмас" бразилиялық команданың 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра мен ұшқыш болған.

Ұшақ әуеге көтеріле бергенде құлаған. Қақпашы Рануле (27 жас), қорғаушылар — Лукас Пракседес (28 жас), Гильерме Ноэ (28 лет), жартылай қорғаушы Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті Лукас Мейра (32 жас) қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір