Бокстан жастар арасындағы Әлем біріншілігінде 19 жасар боксшы көз жұмды

11:27, 28 сәуір 2021

© Сурет: Pixabay

Иорданиялық боксшы Рашед Аль-Свайсат осы айдың басында Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында эстониялық Антон Виноградовпен болған жекпе-жектен кейін ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның өмірі үшін ұзақ уақыт күресті, бірақ, өкінішке қарай, олар спортшыны құтқара алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

The Mirror басылымының хабарлауынша, 19 жастағы боксшы Польшадағы шаршы алаңда нокаут алып, ауруханаға түскен, оның миына от жасалды, бірақ ол 10 күннен соң қайтыс болды. Рашед Аль-Свайсат 16 сәуірде жастар арасындағы әлем чемпионатында Антон Виноградовпен жекпе-жектің үшінші раундында есінен танып қалды. Оған рингте алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, содан кейін шұғыл ота жасау үшін ауруханаға жедел жеткізілді. Ол жарақат алғаннан кейін 10 күннен соң қайтыс болды.

ХОК тарапынан мойындалмаса да бокс жарыстарын өткізуді жалғастырып келе жатқан AIBA ұйымы Рашед Аль-Свайсаттың өмірден озуына байланысты көңіл білдірді.

Польша полициясы спортшының өлімін тергеуді бастады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!