«Боинг» компаниясы пилотсыз ұшақтарды сынақтан өткізуді бастайды

23:30, 15 тамыз 2017

Ғалымдардың зерттеуі бойынша әуедегі апаттардың 80 пайызы ұшқыштардың қателігенен болады екен.

Сондықтан «Боинг» компаниясы 2018 жылдан бастап пилотсыз әуе кемелерін сынақтан өткізуді бастайды. Яғни ұшақтарды жердегі оператордың көмегімен ұшып қондырады. Алайда осыған байланысты өткізілген сауалнамада, сұралғандардың 54 пайызы мұндай ұшаққа мүлдем отырудан бас тартатындарын айтқан. «Мәселе қауіпсіздікте» дейді олар. Ал «Боинг» компаниясы жоба сәтті боларына сенімді. Тіпті жылына 26 млрд доллар үнемдейміз деп отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!