Биыл әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы тапсырылмайды

15:55, 4 мамыр 2018

Швед академиясы 2018 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын тапсырмайды. Академияның бұл туралы шешімі Нобель сыйлығы сайтында жарияланды. Сыйлықты тапсыру соңғы рет 1943 жылы кейінге қалдырылған еді, деп жазады Sn.kz.

Хабарламада бұл шешімнің басқа салалар бойынша Нобель сыйлығын табыстауға әсер етпейтіні айтылады. Академия әдебиет саласында 2018 жылғы Нобель сыйлығы иегерінің аты-жөні 2019 жылғы жеңімпазбен бірге жарияланатынын мәлімдеді.

Швед академиясы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын табыстаудан француз фотографы Жан-Клод Арноға қатысты дауға байланысты бас тартып отыр. Жан-Клод Арно - академияға 1992 жылы сайланған швед ақыны Катарина Фростенсонның күйеуі. Арно Швед академиясы қаржылай қолдау көрсеткен мәдени жобаны басқарған. Бұған дейін 20 шақты әйел оны жыныстық бопса жасады деп айыптаған. Бұдан басқа, фотограф әдебиет саласы бойынша сыйлықтың болашақ жеңімпаздарының аты-жөнін бөтен адамдарға жариялаған. Арноның өзі тағылған айыпты терістейді.

Фотографтың жанжалынан соң Катарина Фростенсон академия құрамынан шығарылды. Сәуірдің ортасында Швед академиясының хатшысы Сара Даниус та академиядан кетіп қалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!