Биткоинның құны тағы шарықтап, тарихи рекорд орнатты

22:38, 15 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

Жұмада биткоин құны 4 пайызға өсті, ал бірнеше минут бұрын ол сәуір айынан бері алғаш рет 60 мың долларлық межені еңсеріп, сауда-саттық деректеріне сәйкес, криптовалюта бағамы бойынша тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды zakon kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ірі көлемде криптовалюта сауда-саттығы жүргізілетін Binance биржасында Мәскеу уақыты бойынша 17: 05-те Bitcoin 4,14%-ға өсіп, 59,97 мың долларға дейін қымбаттады, ал бірнеше минут бұрын бұл көрсеткіш 60,36 мың долларға жетті, делінген хабарламада.

Ал 20-дан астам биржа бойынша орташа бағамды есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметіне сүйенсек, биткоин қазір 4,24%-ға өсіп, құны 59,83 мың доллар болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!