Биткоинның құны 62,7 мың доллар болып алды

16:09, 13 сәуір 2021
985

© Сурет: Pixabay

13 сәуірде биткоиннің бағасы тағы да тарихи максимумға жетіп, бір монетаның құны 62,7 мың доллар болды (27 миллион теңгеден астам), деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, бұған сауда мәліметтері дәлел.

Binance ең ірі криптовалюта биржасында Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 2: 23-тегі сауда-саттықта биткоинның бағасы 3,1%-ға, яғни 62,7 мың долларға дейін қымбаттады. Шамамен орташа бағаны есептеген CoinMarketCap порталы мәліметі бойынша, 20-дан астам биржалар үшін биткоин 2,84%-ға, яғни 62,6 мың долларға дейін қымбаттады.

Бір тәулікте барлық жерде өсім болғаны байқалады.

13 наурызда Bitcoin бағасы тарихи шекті игеріп, 61 844 доллар болған еді, алайда содан кейін күрт құлдырау басталып, 25 наурызда оның құны 50 427 доллар болды, яғни 23% -ға төмендеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!