Бішкектегі жарылыс: 13 адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды

16:33, 8 қараша 2019
1226

Бішкекте "Антошка" тамақтану орнында болған жарылыстан 13 адам зардап шекті, кафенің бір қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды 24.kg Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жарақат алған үш бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер балаларды әбден қарап, тексерген соң амбулаториялық емге жіберді.

Одан бөлек шұғыл жәрдем ауруханасына тоғыз адам жеткізілді, олардың жағдайы туралы кейінірек қосымша ақпарат беріледі.

Оқыс оқиға бүгін, 8 қарашада, шамамен сағат 13.40-та болды. Істің мән-жайын полиция тексеріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!