Бішкекте мейрамханада уланғандар саны 232 адамға жетті

14:02, 3 сәуір 2018

Бішкектегі мейрамханада жаппай уланғандар саны 232 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бішкектегі Республикалық жұқпалы аурулар ауруханасына бүгіннің өзінде 198 адам, ал өңірлік ауруханаларға 34 науқас жүгінген. Соның 131-і ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, Бішкектегі «Ала-Тоо» мейрамханасында клиенттер тамақтан жаппай уланып қалған болатын.

Оқиғаға байланысты «Ала-Тоо» мейрамханасына 20 мың сом айыппұл салынып, уланудың мән-жайы анықталғанға дейін жабылды. Бұдан бөлек ғимараттың әкімшісіне 5 мың сом айыппұл салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!