Бішкекте брон көлік мемлекеттік резиденцияның қоршауын бұзып өтті

12:45, 13 қазан 2020
376

Әлеуметтік желіде Қырғыз елінің мемлекеттік резиденциясы - "Ала-Арша" қоршауын бұзған брон көліктің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Бұл видеоға қатысты жазбаны алдында журналист Азиз Пірімқұлов жариялаған болатын. Оның айтуынша, инженер-механик постқа оралу үшін бұрылуға бел буған, бірақ не болғаны белгісіз, ол қоршауға соғылған.

- Мен брон көліктің ауыр салмағы еңіске қарай тартып кетіп, ол қоршауға қойып кетті деп санаймын, - дейді видео авторы, журналист Азиз Пірімқұлов.

Еске сала кетсек, Сооронбай Жээнбеков 9 қазанда Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес әскери техникалар қалаға енді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!