Бішкек маңында құлаған ұшақтан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

02:22, 23 қаңтар 2017

Бішкектің дене жарақаты және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында Түркия әуе желісіне қарасты Boeing 747 ұшағының құлауы кезінде зардап шеккен азамат қайтыс болды.

Бұл туралы РБК «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, қайғылы жағдайдың салдарынан құрбан болғандар саны 39 адамға жетті. Олардың 35-і Қырғызстан азаматтары, тағы 4 азамат Түркия өкілдері.

Осыған дейін мерт болған 37 адам туралы хабарланған болатын.

Мәлім болған деректер бойынша, қайтыс болған азаматтың аты-жөні Сағынбек Рахманов. Ол әуе апатынан соң 3-4 дәрежелі дене күйігімен ауруханаға жеткізілген.

«Рахмановтың жағдайы жансақтау бөліміне түскен кезде ауыр болған», – деп хабарлады Төтенше жағдай қызметіндегілер.

Медицина мамандарына мәліметтерінше, интенсивті терапияның, гемодиализ бен қажетті медикаментозды көмектің қолданылуына қарамастан, арнайы аппарат арқылы тыныс алып жатқан азаматтың тынысы тиылған және жүрегі де жұмысын тоқтатқан. «Реанимациялық шаралар ешқандай көмегін тигізбеді. Бұл биологиялық өлім», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Айта кетейік, Түркияның жеке меншіктегі әуе компаниясының Boeing 747 ұшағы 16 қаңтар күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы «Манас» әуежайынан 1,5-2 км қашықтықта құлады. Лайнер Дача-Суу ауылынвң маңынада апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 5 экипаж мүшесі болған, олардың барлығы мерт болды. Ауылда 32 үй қирады.  

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!