Біртанов кемедегі қазақстандықтар туралы: Індет жұқтырды деген мәлімет жоқ

10:59, 18 ақпан 2020
748

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз ведомствасының коронавирусты жұқтырған азаматтарға байланысты Йокогама портында тұрған Diamond Princess круиздік кемесіндегі жағдайды үнемі біліп отыру үшін Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігімен байланыста екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыстамыз. Келіп түскен ақпарат бойынша, қазіргі уақытта олардың (қазақстандықтар) дертті жұқтырғаны туралы ақпарат жоқ, сонымен қатар біз өз азаматтарымызбен де тікелей байланыстамыз, - деді Біртанов Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, олар өздерін жақсы сезінеді, олардың арасында науқастар жоқ.

Біз азаматтарымызды Қазақстанға қайтару жағын Сыртқы істер министрлігімен ақылдасып, ойластырып жатырмыз, - деді министр.

Бұған дейін Қазақстанның жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы, профессор Динагүл Баешева кемеде бүгін сынама алынуы керек төрт қазақстандық болғанын хабарлады. Олардың барлығының денсаулығының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Diamond Princess кемесі бортында 50 елдің 3700 адамы бар. Онда жолаушылардың бірі коронавирус жұқтырғаны белгілі болған кезде 3 ақпанда карантин жарияланды. Жапония билігі оның таралуын болдырмау үшін кемені Йокогама портына байлап, демалушылар мен кеменің барлық қызметкерлерін инфекцияға 14 күн бойына тексеруді шешті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!