Бір қыз «үйленемін» деп, артынан өзін алдап кеткен жігіттің көлігін өртеп жіберді

11:51, 21 қыркүйек 2020
263

Ташкентте үйленемін деп уәде беріп, артынан сөзінен тайқып шыққан жігіт ақыры көліксіз қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық полиция бөлімінің хабарлауынша, өрт 19 қыркүйекте болған.

19 жастағы қыз өзінің бұрынғы сүйіктісінің көлігі - Lacetti Jentra-ны өртеп жіберді.

Тергеуге дейінгі тексеру кезінде қыздың жәбірленушімен біраз уақыттан бері романтикалық байланыста болғаны анықталды. Ер адам оған үйленемін деп уәде беріп, бірақ артынан сөзінен тайқып шыққан. Бұған әбден көңілі қалып, қатты ашуланған қыз жас жігіттің көлігінің іші-сыртына бензин құйып, өртеп жіберген.

Істі мән-жайы әлі зерттеліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір