Бір күнде екі рет миллионер атанған адам лотерея ойнаудағы өз құпиясымен бөлісті

09:48, 30 сәуір 2020

Американың Колорадо штатының Пуэбло қаласының тұрғынына бір күнде лотереядан екі рет ұтыс шықты. Екі ретінде де ол бір-бір миллион доллардан ірі ұтысқа қол жеткізді. Артынан ер адам өзінің сәттілік құпиясы неде екенін жария етті, деп хабарлайды zakon.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Өзін Джо Б. деп таныстырған ойынқұмардың айтуынша, ол тұрақтылықтың арқасында өз жеңісін екі есеге арттырған. Соңғы 30 жыл ішінде ол лотерея билеттеріне әрдайым 5-9-27-39-42 сандарын тізбектеп жазып отырған, деп хабарлады KKTV жергілікті телестанциясы.

25 наурызда екі түрлі дүкеннен Powerball лотерея билеттерін сатып алған ол кезекті рет ұтыс ойынына қатысып, екі рет миллионер атанды.

27 сәуірде Джо лотерея штабына келіп, ақшалай сыйлығын алды. Сол кезде оны Colorado Lottery деген маңдайшадағы жазу жанына қолындағы ұтыс сертификаттарымен бірге мекеме қызметкерлері суретке түсіріп алған. Бақытты америкалық ол ақшаны қалай жұмсайтынын айтпаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!